3.9 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі пайдаланушы аты дегеніміз не?

Img

Сипаттама

Пайдаланушы аты – жүйеге кіруге арналған жеке аты, ол таңбалардың кезектілігінен тұрады. Пайдаланушы атын тек бір рет ғана өзгертуге болады.

Жаңа пайдаланушыларға пайдаланушы аты автоматты түрде жасалады.

Пайдаланушы атына келесі талаптар қойылады:

  • пайдаланушы аты міндетті түрде әріппен басталады және кем дегенде 6 таңбадан және 20 таңбадан аспауы керек;
  • пайдаланушы аты жасау кезінде латын әріптерін, сандарды, сызықтарды (-), астынғы сызық ( _ ) және сызықшалармен нүктелерді (.) пайдалануға болады;
  • пайдаланушы атында @ белгісі жарамсыз;
  • пайдаланушы атында бос орын жарамсыз;
  • пайдаланушы аты нүктемен (.) және сызықша ( _ ) аяқталу жарамсыз.

Пайдаланушы аты кез келген тіркелімде (регистрде) енгізілуі мүмкін (BAYZAKOV, bayzakov және bayZAkOV – бірдей пайдаланушы аты). Әрбір пайдаланушыда, жеке парақшаның параметрлерінде пайдаланушы атты бір рет өзгертуге рұқсат етіледі.

Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі құпиясөз дегеніміз не?

Құпиясөз – бұл жеке басын немесе өкілеттіктерді растауға арналған құпиялы сөз немесе таңбалар жиыны. Құпиясөздер ақпаратты рұқсатсыз кіруден сақтау үшін қолданылады. 

Құпиясөз келесідей таңбалардан тұруы мүмкін:

  • кіші латын әріптері;
  • үлкен латын әріптері;
  • сандар;
  • арнайы таңбалар: «!», «@», «#», «$», «%», «^», «&», «*», «(», «)», «_», «+», «?», «|».

Пайдаланушының жүйедегі рөліне байланысты, құпиясөзге арнаулы талаптар қойылады. 

Қызметкерлер үшін:

  • 10 таңбадан кем емес;
  • 1 саннан кем емес;
  • 1 бас әріптен кем емес;
  • 2 кіші әріптен кем емес;
  • 2 арнаулы таңбадан кем емес;
  • құпиясөздің максималды ұзындығы – 30 таңба;
  • құпиясөз пайдаланушы атымен бірдей болу мүмкін емес.

Ата-аналар мен оқушылар үшін:

  • 6 таңбадан кем емес;
  • сандар немесе латын әріптерінен тұрады;
  • құпиясөздің максималды ұзындығы – 30 таңба;
  • құпиясөз пайдаланушы атымен бірдей болу мүмкін емес.

Құпиясөздер жүйеде 3 күрделілік деңгейіне бөлінеді:

Сенімді емес – тек бір тіркелімдегі әріптерден немесе тек сандардан тұрады.

Жақсы – тек бір тіркелімдегі әріптер мен сандардан тұрады, немесе ішінде пайдаланушы аты бар (тіркелім маңызды емес), 8 және одан көп таңба.

Өте жақсы – тіркелімдегі әр түрлі әріптерден, сандардан және арнайы таңбалардан (кем дегенде біреу) тұрады, ішінде пайдаланушы аты жоқ, кем дегенде 8 таңба (барлық пайдаланушы рөлдері үшін).

Есте сақтау қажет, құпиясөз есте қалатындайғ бірақ күрделі болуы тиіс. Жақсы құпиясөз парақшаны зиянкестердің әрекеттерінен қорғайды.

Құпиясөздің қолданылу мерзімі 3 ай. Мерзім аяқталғаннан кейін, жүйе құпиясөзді ауыстырып жаңадан енгізуді ұсынады.

Сабақтар

3. «Күнделік» ААЖ цифрлық білім беру платформасында жұмыс істеудің кәсіби дағдылары

3.1 Kundelik.kz платформасы туралы 3.2 Kundelik.kz сайтының ақпараттық қауіпсіздігі 3.3 Пән мұғаліміне арналған сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.4 Оқушы мен ата-ана үшін сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.5 Kundelik.kz электрондық журнал дегеніміз не? 3.6 Электрондық журналдағы пайдалы сілтемелер және оларды пайдалану ыңғайлылығы 3.7 Электрондық журналды пайдаланушыларына арналған қолдау порталы 3.8 Kundelik.kz сайтына кіру және тіркелу 3.9 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі пайдаланушы аты дегеніміз не? 3.10 Kundelik.kz сайтының журнал түрлері және бағалау жүйесі 3.11 Kundelik.kz білім беру жүйесінде формативті бағалауды жүргізу 3.12 Жиынтық бағалау жүргізу 3.13 Сабақ парақшасымен жұмыс 3.14 Сынып кестесін көру 3.16 Kundelik.kz білім беру жүйесінде үй тапсырманы қосу 3.17 Microsoft Teams қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.17.1 ZOOM қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.18 Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен жұмыс 3.19 Сынып оқушылары мен ата-аналарға кері байланысты қамтамасыз ету 3.20 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі хабарландырулармен жұмыс 3.21 Kundelik Lessons платформасын қолдана отырып, дайын онлайн сабақты қалай құруға немесе бар сабаққа сілтемені пайдалануға болады? 3.22 «Kundelik.Tapsyrma». ҮТ мәтініне дайын бейнесабақты қалай қосуға болады? 3.23 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі үлгерім есептері

7. Білімді тексеру

Выберите язык / Тілді таңдаңыз

Русский
Қазақша