3.6 Электрондық журналдағы пайдалы сілтемелер және оларды пайдалану ыңғайлылығы

Img

Сипаттама

Білім беру қызметтерін пайдаланудың ең танымал және ыңғайлы құралы – бұл kundelik.kz білім беру жүйесінің сайтында пайдалы сілтемелерді пайдалану.

Kundelik.kz білім беру жүйесінде мұғалімдерге электронды журналмен жұмыс істеу құралы ретінде қажет бөлімдер мен қойындылардың өте көп саны бар. Электрондық жүйеде жұмыс істеу кезінде жұмыс жылдамдығын реттеу және құралдың қай жерде орналасқанын түсіну өте маңызды. Уақыт өте келе сайттың пайдаланушысы өзіне қажетті құралдардың қай жерде орналасқанына үйренеді және есте сақтайды, бірақ сол сәтке дейін оған қажетті бөлімді немесе құралды табуға көмек қажет. Тек жылдамдық қана емес, дәлдік те қажет болатын білім беру процесі аясында мұғалімдерге қажетті парақшаларға тез өту үшін берілген пайдалы сілтемелер түрінде көмек қажет.

Төменде пайдалы сілтемелер орналасқан бөлімдер берілген:

Пән бойынша педагогтің жұмыс үстелі;

  • Журнал беті;
  • «Мектеп» қойындысы
  • Мектеп парақшасы
  • Сынып парақшасы (сынып жетекшісі үшін)
  • Күнтізбелік жоспарлау парақшасы

Пайдалы сілтемелер қажетті бөлімге өту ыңғайлылығының құралы ғана емес, ол мұғалімнің жұмыс аймағы, оны меңгерген мұғалім өз уақытын үнемдейді және жүйеде әлдеқайда жылдам жұмыс істей алады!

Пән бойынша педагогтің жұмыс үстелі

Педагогтің жеке жұмыс үстеліне көшу үшін «Мектеп» -> «Жұмыс үстелі» қосымша қойындысына кіру қажет. Жұмыс үстелі сынып жетекшісінің рөлінің болуына қарай бірнеше санатқа бөлінеді.

Блоктардың стандартты санаттары: күнтізбе, пәндер және сыныптар.

Қызметкердің сынып жетекшілігі болған жағдайда: күнтізбе, пәндер мен сыныптар, сынып жетекшілігі.

«Мектеп» қойындысы

«Сынып жетекшілігі» виджеті

Блок сынып жетекшілеріне көрсетіледі және сыныппен жұмыс кезінде маңызды жүйелік бөлімдерге апаратын сілтемелерден тұрады.

Онда орналасқан:

  • «Сынып парақшасы», сынып туралы барлық ақпаратпен танысуға, оның параметрлерін өзгертуге, білім алушылар мен ата-аналарға пайдаланушы аты мен құпиясөзін беруге болатын сілтеме.
  •  «+ Сыныпқа жазу», сынып оқушылары мен ата-аналарына бірден жазба жасауға мүмкіндік беретін батырма.
  • «Үлгерімі» және «Белсенділік», сынып үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау үшін тиісті есептерді ашатын сілтеме.
  • «Күн бойынша журнал», кез келген пән бойынша сыныптың сабақта болуы туралы белгі қоюға мүмкіндік беретін сілтеме.
  • «Файлдар», сынып файлдарын жүктеу және қарау үшін бетті ашатын сілтеме.

«Журналдар» виджеті

Бөлім, қызметкер көрсетілген пән бойынша журналдардың кез келгеніне, сондай – ақ «ЭЖК жүргізу статистикасы» есебіне тез кіруге көмектеседі.

Егер қызметкер сыныпта үш пәннен көп сабақ беретін болса, виджетте «Басқа пәндер» батырмасы пайда болады, батырманы басу арқылы барлық пәндердің тізімін көруге болады.

Меңзерді белгілі бір сынып блогына апарған кезде жүйе «Рупор»  белгішесін көрсетеді. Бұл жазбаларды жасау түймесі, оның көмегімен қызметкер таңдалған сынып үшін жазба жасай алады.

Пайдалы сілтемелер виджеті

Бұл бөлімде Жүйенің ең жиі қолданылатын барлық парақшалары бар. Сілтемелердің құрамы қызметкердің құқықтарына байланысты.

Онда келесі сілтемелер бар:

  • «Мектеп парақшасы», білім беру ұйымының парақшасын ашады.
  • «Әкімшілік ету», білім беру ұйымының «Мектепке әкімшілік ету» бөліміне апарады (тек қана «Әкімші»  құқықтары бар қызметкерлерге арналған).
  • «ЭЖК жүргізу статистикасы: Мектеп», атауына сай есепке апарады (тек қана «Әкімші» немесе «Басқарушы қызметкер» құқықтары бар қызметкерлерге арналған).
  • «Kundelik.kz белсенділік», жүйеде пайдаланушылардың белсенділігі туралы есептерді көрсетеді (тек қана «Әкімші» немесе «Басқарушы қызметкер» құқықтары бар қызметкерлерге арналған).
  • «Менің хабарламаларым», ол қызметкер орналастырған жазбалар тізімі бар парақшаны ашады. 

«Кесте» виджеті

Виджет ағымдағы оқу жылындағы кез келген күн үшін жұмыс кестесін көруге мүмкіндік береді.

Кестені толығырақ зерделеу үшін «Күнтізбе» батырмасын басып, сабақ кестелері орналасқан кестеге өтуге болады.

Ескерту: бүгінге күнге оралу үшін «Кесте» бөлімінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Бүгін» батырмасына басу қажет.

Кейбір күндерде «түрлі – түсті шеңбер» белгісі болуы мүмкін:

  • «көк түсті шеңбер» – берілмеген үй тапсырмасы бар;
  • «қызыл түсті шеңбер» – бұрынғы маңызды жұмыс үшін бағалау өткізілмеген;
  • «сұр түсті шеңбер» – сабақта маңызды жұмыс өтеді немесе ол ертерек өтіп, оған бағалар қойылғандығын білдіреді.

«Жаңалықтар арнасы» виджеті

Бұл бөлімде қызметкерге соңғы 2 апта ішінде жиналған және қызметкер танысуы қажет барлық жазбалар бар.

Әр жазбада пайдаланушы оның қай аудитория үшін жасалғанын көре алады.

Жазбадағы сары көрсеткіш бұл жаңа жазба екенін білдіреді және қызметкер оны әлі оқымағандығын растайды.

Сабақтар

3. «Күнделік» ААЖ цифрлық білім беру платформасында жұмыс істеудің кәсіби дағдылары

3.1 Kundelik.kz платформасы туралы 3.2 Kundelik.kz сайтының ақпараттық қауіпсіздігі 3.3 Пән мұғаліміне арналған сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.4 Оқушы мен ата-ана үшін сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.5 Kundelik.kz электрондық журнал дегеніміз не? 3.6 Электрондық журналдағы пайдалы сілтемелер және оларды пайдалану ыңғайлылығы 3.7 Электрондық журналды пайдаланушыларына арналған қолдау порталы 3.8 Kundelik.kz сайтына кіру және тіркелу 3.9 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі пайдаланушы аты дегеніміз не? 3.10 Kundelik.kz сайтының журнал түрлері және бағалау жүйесі 3.11 Kundelik.kz білім беру жүйесінде формативті бағалауды жүргізу 3.12 Жиынтық бағалау жүргізу 3.13 Сабақ парақшасымен жұмыс 3.14 Сынып кестесін көру 3.16 Kundelik.kz білім беру жүйесінде үй тапсырманы қосу 3.17 Microsoft Teams қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.17.1 ZOOM қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.18 Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен жұмыс 3.19 Сынып оқушылары мен ата-аналарға кері байланысты қамтамасыз ету 3.20 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі хабарландырулармен жұмыс 3.21 Kundelik Lessons платформасын қолдана отырып, дайын онлайн сабақты қалай құруға немесе бар сабаққа сілтемені пайдалануға болады? 3.22 «Kundelik.Tapsyrma». ҮТ мәтініне дайын бейнесабақты қалай қосуға болады? 3.23 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі үлгерім есептері

7. Білімді тексеру

Выберите язык / Тілді таңдаңыз

Русский
Қазақша