3.14 Сынып кестесін көру
Сипаттама
Kundelik.kz білім беру жүйесінде кестені қарау үшін бірнеше жолымен жүзеге асырылады.
Жүйеде ақпаратты қарау пән мұғалімі үшін де, білім беру ұйымының әкімшісі үшін де қол жетімді.Сіздердің назарларыңызға мектеп кестесін тексеру және қарау тәсілдерін ұсынамыз.
Kundelik.kz білім беру жүйесінде кестені бірнеше жолмен көруге болады:
- Нақты бір сыныптың сабақ кестесі.
- Бір апта үшін таңдалған мұғалімнің кестесі.
- Барлық мұғалімдер бойынша кесте сұлбасы.
- Мектеп сабақтарын келесі критерийлер бойынша сүзгіден өткізу арқылы: оқу жылы, пән, сынып, мұғалім, белгілі бір күн аралықтары.
- Бөлек қоңыраулар кестесі.
Нақты бір сыныптың сабақ кестесі
Сыныптың сабақ кестесін қараудың бірінші және стандартты тәсілі – «Мектеп» -> «Кесте» -> «Нақты бір сыныпты таңдау» қойындылары арқылы.
Бұл әдіс кестені бүкіл тоқсан үшін де, апта бойынша да көруге мүмкіндік береді.
Сынып ішіндегі кестені қарау бетінде келесі ақпаратты көркөре аласыз:
- тоқсан;
- апта күні;
- күні;
- сабақ нөмірі;
- пәннің атауы;
- сабақ беретін мұғалімі;
- сабақтың басталу және аяқталу уақыты;
- кабинет.
Берілген ақпарат арқылы сыныптың орташа жүктемесін көруге мүмкіндік береді.
Бір апта үшін таңдалған мұғалімнің кестесі
Кестені қараудың негізгі жолынан басқа, арнайы сүзгілерді қолдана отырып кесте қараудың әртүрлі жолдары ұсынылад. Соның бірі – таңдалған мұғалімнің бір апта ішіндегі сабақ кестесі.Бұл сүзгі бір апта ішінде мұғалімнің аты-жөнін таңдауға және оның сабақтарының кестесін көруге мүмкіндік беретінін білдіреді, сонымен қатар «Жебе» түймесін пайдалана отырып кез келген аптаға өтуге болады.
Мұғалімнің бір апталық кестесін ашу үшін келесі қадамдарды орындау қажет: «Мектеп» -> «Кесте» -> «Мұғалім». Ашылмалы тізімнен мұғалімді таңдаңыз, кестеде тек қана сабақ кестесіне тағайындалған мұғалімдердің тізімі көрсетіледі.
Бұл сүзгі арқылы мектеп қызметкерлері әрқашан мұғалімнің жүктемесін және нақты мұғалімге қатысты басқа да егжей-тегжейлі ақпаратты көре алады.
Күнді басқан кезде мұғалімнің жеке күнтізбесі оның берілген күндегі барлық сабақтарымен ашылады.
Барлық мұғалімдер бойынша кесте торы
Мұғалімдердің сабақтарының жалпы қорытындысына өту үшін келесі қадамдарды орындау қажет: «Мектеп» -> «Кесте» -> «Мұғалім» және «Барлық мұғалімдер бойынша кесте торы» түймесіне басу.
Мұғалімдер тізімі ашылады,олардың аты-жөні алфавит бойынша сұрыпталған және олардың сабақтарының тізімі ашылады. Негізгі ақпараттан басқа сыныптар бойынша сүзу мүмкіндігі бар: 0-4 сыныптар және 5-12 сыныптар. Сондай-ақ, қажетті күнді тез табу үшін күнтізбе қол жетімді.
Жоғарыда сипатталған функцияларға қоса, кестенің басып шығарылған нұсқасын жүктеп алуға немесе оны экспорттауға болады.
Мектеп сабақтарын келесі критерийлер бойынша сүзгу арқылы: оқу жылы, пән, сынып, мұғалім, күндер аралығы
Кесте туралы барлық ықтимал ақпаратты білуге мүмкіндік беретін тағы бір ыңғайлы және танымал құрал: мұғалімнің сағат санын қарау,мұғалімнің барлық сабақтардың ауыстыру / тоқтату туралы ақпарат, белгілі бір уақыт кезеңіндегі сабақтардың тізімін және т.б.
Осы сүзгі арқылы кестені ашу үшін келесі қадамдарды орындау керек: «Мектеп» -> «Кесте» -> «Сабақтар».
Бұл құралда 5 сүзгі бар және олардың әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз, яғни кез келген тәртіпте тек бір немесе бірнеше арнайы сүзгілерді пайдалануға болады.
Таңдалған сүзгілердің негізінде жүйе қажетті ақпаратты бір бетте жүктейді. Таңдалған сабақтың күніне баса отырып,сол күннің с абақ беті ашылады.
Бөлек қоңыраулар кестесі
Қоңыраулар кестесін тексеру үшін келесі қадамдарды орындау қажет: «Мектеп» -> «Кесте» -> «Қоңыраулар».
Бұл қойындыда сіз қоңырау кестесін, яғни сабақтың басталу және аяқталу уақытын және оның ауысымын көре аласыз.
Осы құралдармен жұмыс жасай отырып, білім беру ұйымының әр қызметкері кестемен мобильді және жылдам жұмыс істеуге, оны тексеруге және сабақтардағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік алады.