3.13 Сабақ парақшасымен жұмыс

Img

Сипаттама

Сабақ парақшасы – бұл kundelik.kz жүйесінде сабақ өткізетін әр мұғалімнің құралдарының бірі. Сабақ парақшасында мұғалімге сабақ өткізу үшін қажет барлық ақпарат бар. 

Электрондық журналдағы пән бойынша журнал беті, КТЖ беті, Күнтізбелік жоспарлау беті және т.б. беттердің маңызды болып табылатындығы белгілі. Бірақ, Сабақ парақшасының маңыздылығы да кем емес. 

Сабақ парақшасына өту үшін мұғалім пән бойынша журналды ашып, сабақ өтетін күннің үстіне басу керек. 

Сабақ парақшасы мұғалім өткізетін сабаққа қатысты барлық қажетті ақпаратты қамтитын бірнеше блоктан тұрады.

  • «Сабақ мәліметтері» блогында сабақ туралы стандартты ақпарат бар. Қандай сынып, пән, сабақ өтетін күн, кабинет, сынып қатысушылары және сабақты кім өткізеді. Сабақтың осы бөлшектерінен басқа, күнтізбелік жоспарлауда немесе КТЖ-да жазылған тақырып, сонымен қатар сабақтың өтетін форматы: онлайн немесе офлайн.

Сабақтың тақырыбы мен сипаттамасын «Өңдеу» түймесін басу арқылы өзгертуге болады, ал осы блоктағы басқа деректерді өзгерту үшін сынып кестесіне өту керек.

  • «Файлдар» блогы мұғалімге сабаққа файлдарды жүктеуге мүмкіндік береді. Жарамды файл пішімдері: jpg (jpeg), gif, png, mp3, doc (docx), xls (xlsx), ppt (pptx), txt, rtf, pdf, odt, ods, odp, ods, odg, zip, rar, tar, gz, bz2, epub, mobi, fb2. Бұл блокты қысқа мерзімді жоспарды қосу үшін де, презентацияларды немесе сабақ барысында мұғалімге көмектесетін басқа ақпаратты жүктеу үшін де пайдалануға болады.

Файлды жүктеу үшін «Файлды таңдау» түймесін басып, оны компьютерден таңдап, «Жүктеу» түймесін басу керек.

  • «Үй тапсырмалары» блогында сынып қатысушыларына берілген үй тапсырмасы туралы ақпарат болады. «Қарындашты» басу арқылы үй тапсырмасының мәтінін өңдеуге болады.

  • «Сабақтағы жұмыстар» блогы сабақтың түрін қосуға / өзгертуге мүмкіндік береді. «Жұмысты қосу» түймесін басқан кезде сабақта тиісті жұмыс түрін таңдау керек, мысалы: тест, емтихан, практикалық жұмыс және тағы басқалар. 

Қажет болған жағдайда, жұмыстың сипаттамасын да көрсетуге болады.

  • «Журнал» блогы сізге келесі мүмкіндіктерді береді:
    • «Сабақ өткізілді» деген белгіні қойып, сабақ өткізу фактісін белгілеу.
    • сынып мүшелерінің немесе сабақ тобының тізімін қарау; 
    • сабақта балалардың болу / болмауын атап өту;
    • формативті белгілерді қою; 
    • балаларға түсініктеме жазу;

Сабақтар

3. «Күнделік» ААЖ цифрлық білім беру платформасында жұмыс істеудің кәсіби дағдылары

3.1 Kundelik.kz платформасы туралы 3.2 Kundelik.kz сайтының ақпараттық қауіпсіздігі 3.3 Пән мұғаліміне арналған сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.4 Оқушы мен ата-ана үшін сайттың негізгі мүмкіндіктері 3.5 Kundelik.kz электрондық журнал дегеніміз не? 3.6 Электрондық журналдағы пайдалы сілтемелер және оларды пайдалану ыңғайлылығы 3.7 Электрондық журналды пайдаланушыларына арналған қолдау порталы 3.8 Kundelik.kz сайтына кіру және тіркелу 3.9 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі пайдаланушы аты дегеніміз не? 3.10 Kundelik.kz сайтының журнал түрлері және бағалау жүйесі 3.11 Kundelik.kz білім беру жүйесінде формативті бағалауды жүргізу 3.12 Жиынтық бағалау жүргізу 3.13 Сабақ парақшасымен жұмыс 3.14 Сынып кестесін көру 3.16 Kundelik.kz білім беру жүйесінде үй тапсырманы қосу 3.17 Microsoft Teams қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.17.1 ZOOM қосымшасының көмегімен сабақты online-режимде өткізу 3.18 Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен жұмыс 3.19 Сынып оқушылары мен ата-аналарға кері байланысты қамтамасыз ету 3.20 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі хабарландырулармен жұмыс 3.21 Kundelik Lessons платформасын қолдана отырып, дайын онлайн сабақты қалай құруға немесе бар сабаққа сілтемені пайдалануға болады? 3.22 «Kundelik.Tapsyrma». ҮТ мәтініне дайын бейнесабақты қалай қосуға болады? 3.23 Kundelik.kz білім беру жүйесіндегі үлгерім есептері

7. Білімді тексеру

Выберите язык / Тілді таңдаңыз

Русский
Қазақша